CGG Petrosys бағдарламалық жасақтамасын сатып алу

02.02.2017

Әртүрлі геологиялық-геофизикалық және картографиялық бағдарламалық кешендерде орындалған түсіндіру нәтижелерін интеграциялау процесін жетілдіру үшін 2016 жылдың соңында біздің компанияның жұмыс процесіне CGG компаниясының карта құруға арналған Petrosys бағдарламалық жасақтамасы енгізілді.
Карта құрудың қуатты және кең икемделетін алгоритмдерімен қатар нақты уақыт режимінде Petrosys қосылуы мүмкін бағдарламалық жасақтаманың кең спектрі карта құру кезінде уақыт және еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Petrosys-ті пайдалану нәтижелік карталарға жаңа деректерді қосуды және жергілікті өзгертулер енгізуді елеулі оңайлатуға мүмкіндік береді.