Мәліметтерді басқару

Негізгі бет Қызметтер Мәліметтерді басқару

Біз геолого-геофизикалық және өндірістік мәліметтерді басқару жөніндегі, сондай-ақ, жүйелік әкімшілік етудің кейбір аспектілеріне арналған барлық шешімдерді ұсынамыз. Қызметтердің мұндай жинағы, өз күштерімен мәліметтерді басқару жүйесін ұйымдастыруға мүдделі емес, кіші және орташа көлемдегі мұнай компанияларына тартымды болып табылады.

  • Сіздердің мәліметтерді басқаруға сұраныстарыңызды бағалау
  • Мәліметтердің қауіпсіз және сенімді базасын жасау
  • Құрылымды цифрлық мұрағатты жасау
  • Мәліметтер базасын құру мен қолдау жөніндегі қызметтер
  • Мәліметтер базасының сапалы менеджменті бойынша процедураларды жасау

Біздің мәліметтерді басқару жөніндегі қызметтер

Біз, тапсырыс берушілердің талап етулеріне қарай, келесі салалардан түрлі элементтердің жинағын ұсына аламыз:

  • Мәліметтерді басқару процедуралары
  • Мәліметтер базасын жасау және орнату
  • Мәліметтерді мәліметтер базасына жүктеу
  • Мәліметтерді экспорттау
  • Мәліметтер базасын қолдау
  • Әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізуге арналған ақпараттық бөлмені ұйымдастыру

Тапсырыс берушінің амбициясын, қалауын, компанияның көлемін және оның орналасқан жерін ескере отырып, әрбір тапсырыс берушіге жеке түрде ғаламдық шешімдерді жасау біздің басты мақсатымыз болып табылады.

Геолого-геофизикалық және инженерлік бағдарламалық өнімдер

Біздің жинаған тәжірибеміз түрлі пәндер бойынша сенімді шешімдермен өз тапсырыс берушілерімізді қамтамасыз етудегі маңызды элемент болып табылады. Біз көптеген озық өнідірушілердің түрлі геолого-геофизикалық және инженерлік бағдарламалық өнімдерін ұсынып, оларға қолдау көрсете аламыз. Біз төмендегі бағдарламалық өнімдер бойынша сараптамалық көмек көрсетеміз:

  • Tigress
  • Schlumberger: GeoFrame / Charisma / ELAN / GeoViz; Petrel, Eclipse, OFM и др.
  • Landmark Graphics: OpenWorks/Open-X applications; GeoGraphix Discovery, GeoProbe, PetroBank/Power Explorer, Team Workspace, etc
  • Roxar: Irap RMS
  • Petris: Recall
  • CGG: Hampson Russel (Strata, AVO, eLog), PowerLog, Insight Earth и др.
  • Eliis: PaleoScan
  • ffA: GeoTeric
  • RFD: tNavigator
  • Paradigm: Stratimagic
  • LR Senergy: IP

Қашықтағы серверлерді/ASP шешімдерді ұсыну