Техникалық сәйкестікті талдау (ТЭТ)

Негізгі бет Қызметтер Техникалық сәйкестікті талдау (ТЭТ)

Техникалық сәйкестікті талдау тау жыныстарының қасиеттері мен қанығу сипатын болжап айтудың құралы ретінде AVO мен инверсияны пайдаланудың мүмкіндігін бағалау үшін, сондай-ақ, резервуарды сипаттауға арналған сейсмикалық және серпінді инверсияның, AVO мәліметтерін әрі қарай интерпретациялау үшін, сонымен қатар көп компонентті сейсмикалық мәліметтердің потенциалды ақпараттылығын бағалау үшін жүргізіледі. Бұл зерттеулер түрлі параметрлердің кубтары (Vp/Vs, тығыздық, λρ, μρ және т.б.) негізінде заттық сипаттамаға арналған сейсмикалық атрибуттардың ақпараттылығын бағалауға көмектеседі.

Резервуар параметрлерінің петрофизикалық интерпретациясы мен ҰГЗ сапалық мәліметтері ТЭТ нәтижелерінің дұрыстығына негіз болып табылады. Бұл зерттеулерге бірнеше интеграцияланған міндеттер кіреді:

  • Геофизикалық қисықтар жиынтығын құру
  • Белгіленген міндеттерді шешу үшін ҰГЗ мәліметтерін арнайы талдау және бұл төмендегі жұмыстар үшін қажет:
    • Қанығу флюидтерін алмастыру арқылы моделдеу
    • Синтетикалық сейсмограммалар мен кескіндерді құру
    • Синтетикалық сейсмикалық атрибуттарды құру
    • Ұңғымалық мәліметтермен бірге синтетикалық мәліметтерді талдау