

Петрофизика
Біздің петрофизик-мамандары литология, кеуекті қабаттар мен қабат флюидтарды күрделі терригенді, карбонатты және аралас кескіндерде анықтау бойынша ҰГЗ кешенді көлемдік интерпретациясын жүргізуге арналған қажетті біліктіліктерге ие. ҰГЗ мәліметтерін өндеу алдын ала әзірлеуден бастап аналогты мәліметтерді цифрлау, жедел (24 сағат) және толық қорытындыларды беруге дейінгі барлық сатылар кіреді. ҰГЗ мәліметтері бойынша көлемдік интерпретация тіркеуден өткен Schlumberger, Baker Hughes, Weatherford, Halliburton, сондай-ақ, ресейде жасалған жабдықтамалар арқылы жүзеге асады.. Біздің петрофизика бөлімінде жұмыстардың келесі түрлері жасалынады:
- Аналогты материалдарды цифрлау
- ҰГЗ қисықтарын қалпына келтіру
- Синтетикалық қисықтарды есептеу
- Өлшеу талаптарына түзету енгізу
- Коллекторлардың интервалдарын анықтау
- Жанасушы жыныстар мен резервуарлардың минералды құрамын бағалау
- Резервуарлардың параметрлерін бағалау (кеуектілік, балшықтық көрсеткіш, қанықтық)
- Пикслер және Хаворт палеткалары бойынша қабаттық флюидтің құрамын бағалау
- ҰГЗ мәліметтерін үлгітас мәліметтерімен салыстырмалы талдау
- Қорларды есептеуге қажет коллекторлардың шекаралық параметрлерін бағалау
- Коллекторлардың физикалық-литологиялық сипаттамалары мен ҰГЗ мәліметтерінің интерпретациясы бойынша тарауларды қорларды есептеуге әзірлеу
- Стратиграфиялық кескіндерді дәстірлі, литостратиграфиялық (пакет Lloyd’s Register Interactive Petrophysics), хроностратиграфиялық, (пакеты ENRES Cyclolog и Lloyd’s Register Interactive Correlations) және сейсмостратиграфиялық (пакет Eliis PaleoScan) түрде бөлшектеу
- Мұнай мен газдың қорын есептеуге арналған қажетті параметрлерді әзірлеу және оны негіздеу
- Сейсмикалық инверсияға арналған петрофизикалық негіздеу
- Техникалық тұрғыдан мақсатқа сай екендігін талдау (ТМТ) және моделдеу. AVO, инверсия және сейсмикалық параметрлерді бағалау үшін геофизикалық қисықтарды құру.
ҰГЗ мәліметтерін өңдеу мен интерпретациялауға арналған бағдарламалық кешендер
- Neuralog – аналогтық материалдарды цифрлауға арналған
- LogTools – ресейлік және «батыс» каротаждарын интерпретациялауға арналған
- Tigress – «батыс» каротаждарын интерпретациялауға арналған
- Interactive Petrophysics (IP) – ресейлік және «батыс» каротажын интерпретациялауға арналған
- CGG Petrosys – «батыс» каротажын интерпретациялауға арналған
- CGG Power Log – «батыс» каротажын интерпретациялауға арналған
- Lloyd’s Register Interactive Correlations (IC) –барлық ұңғы мәлеметтерін және ұңғыаралық корреляцияларды интеграциялауға арналған.
Осы жоғарыда аталған бағдарламалар арқылы көп компонентті литологиялық интерпретацияны, моделдеу, кроссплоттарды құру мен талдау, балшықтық көрсеткішті анықтау, берілген аймақ шегінде жыныстардың сыйымдылық сипатын анықтауды жүргіземіз. Бұған қоса, біз ҰГЗ мәліметтерін кондиционерлеуді, әрі қарай талдау, фациалдық талдау мен үлгітас бойынша ақпараттарды ескере отырып литологиялық аймақтандыруды жүргізу үшін редакциялау мен қалпына келтіруді жүргіземіз.
AVO атрибуттарын, сейсмикалық параметрлер мен инверсияларды интерпретациялау және геофизикалық қисықтарды құру – бұл тек біздің мүмкіндіктеріміздің бір бөлігі ғана. Бұған қоса, біздің петрофизиктер қанығу флюидтерін алмастыру арқылы моделдеу жұмыстарын орындйды және олар 4D эффектерін бағалау үшін, сондай-ақ, өнімді ұлғайту үшін нысандарды бөліп алу мен геологиялық барлау мақсаттары үшін де қолданылуы мүмкін.
ҚР мен шетелдегі түрлі бассейндерде жүргізілген интерпретация бойынша жинақталған тәжірибе арқылы ең күрделі құрылымдардағы коллекторларды бөлу және бағалау жұмыстары жүргізіледі.
- Сейсмикалық мәліметтерді өңдеу тобы
- Петрофизика
- Техникалық сәйкестікті талдау (ТЭТ)
- Геология
- Сейсмо барлау
- Интерпретациялық өңдеу
- Арнаулы зерттеулер
- Реттіліктер стратиграфиясы
- Сейсмикалық фациялар
- Кен орнын кешенді зерттеу
- Геостатикалық моделдеу
- Кен орындарын жобалау және эксплуатациялау
- Қорлар
- Активтерді бағалау
- Мәліметтерді басқару