Реттіліктер стратиграфиясы

Негізгі бет Қызметтер Реттіліктер стратиграфиясы

Реттіліктер стратиграфиясы (РС) – бұл генетикалық жақын қалыңдықтарды зерттеу. Реттілік, келіспеушіліктермен шектелген немесе солармен бірге келісілген беткейлермен араласқан, келісілген генетикалық жақын қалыңдық ретінде анықталады. (Mitchum, 1977). Сейсмикалық мәліметтер бойынша стратиграфиялық реттіліктердің интерпретациясымен үйлесімде ҰГЗ (ГИС) мәліметтері бойынша стратиграфиялық реттіліктерді талдау резервуарды барлау мен игеру мақсатында болжам жасаудың күшті құралы болып табылады.

РС – бұл құрылымды емес түрдегі нысандарды зерттеудің күшті құралы.

Біздің геологтарымыздың, геофизиктеріміздің, инженер-жасаушыларымыздың, өндіріс жөніндегі инженерлеріміздің және мұнай және газ экономикасы саласындағы мамандарымыздың командасы, кен орындарын оңтайлы игеру мен пайдалануды ұйымдастыру мақсатында мұнай мен газ кен орындарының үлгілерін құру жөніндегі жоғарғы рентабельді қызметтерді ұсынады. Соңғы онжылдықта құрымды түрдегі жаңа объектілердің жетіспеушілігі байқалуда және осылар сияқты барынша ұсақ объектілер бассейндерде барланбаған болып қала беруде. Ал басқа жағынан қарағанда, барлауға құрылымды емес түрдегі объектілерді тарту жеткілікті ауқымға жете қойған жоқ. Бұл мұндай объектілерді игерудің қауіп-қатерінің жоғары болуынан туындаған консерватизмнің себебінен және тұзақтардың жаңа түрлеріне ауысудың дайын әдістемелік негіздерінің жеткіліксіз болуына байланысты тежеліп отыр. Тарихтарының түрлі кезеңдеріндегі шөгінді бассейндерінің әр түрлерін толығымен болжауға мүмкіндік беретін, кезектілік стратиграфиясының арқасында құрылымды емес түрдегі объектілерді тиімді түрде игеру мүмкіндіктері туындап отыр.

РС интерпретациясы бассейннің дамуын жақсы түсінуге, коллекторлар мен қақпақтарды бөлуге жетелейді. Қосымша ақпараттар болған кезде мұнайтуындатушы жыныстарды анықтауға және оларды картаға түсіруге мүмкін болады. Резервуардың қасиеттері кен орнын игеру кезінде шешуші рөлге ие, көп жағдайда стратиграфиялық кезектіліктердің интерпретациясы негізінде алдын ала болжануы мүмкін, бұл өз кезегінде барлау жобалары үшін өте маңызды болып табылады.

Кезектіліктердің стратиграфиясы бірнеше құрамдық бөліктерден тұрады:

  • ҰГЗ мәліметтері бойынша стратиграфиялық реттіліктердің интерпретациясы
  • Сейсмикалық мәліметтер бойынша стратиграфиялық кезектіліктердің интерпретациясы, әсіресе сейсмикалық кубтың барлық кескіндерін түгелдей корреляциялау мүмкіндігі арқылы жүзеге асуы
  • Сейсмикалық атрибуттар бойынша стратиграфиялық кезектіліктердің интерпретациясы және ұңғымалар мен сейсмикалық мәліметтердің интерпретациясының интеграциясы.

ҰГЗ мәліметтері

  • Үлгітасты егжей-тегжейлі сипаттау
  • Үлгітас мәліметтерінің седиментологиялық интерпретациясы
  • ҰГЗ мәліметтерінің және үлгітас сипатының мәліметтерімен интеграцияланған ұңғымалардың қабырғаларын сканерлеу мәліметтерінің интерпретациясы негізінде алынған шөгінді жиналу талаптары
  • Барлық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану арқылы кезектілік стратиграфиясының каркасын құру
  • Фация карталарын құру

Сейсмикалық мәліметтер

  • Сейсмикалық реттіліктердің шекараларын анықтау
  • Сейсмикалық фациялардың интерпретациясы мен талдауы
  • Сейсмикалық мәліметтер бойынша шөгінді жиналу талаптарының интерпретациясы
  • Сейсмикалық атрибуттары бойынша шөгінді денелердің сипаты

Біздің мамандарының стратиграфиялық реттіліктер интерпретациясы бойынша жұмыстардың үлкен іс-тәжірибесі бар. Мамандарымыз бен біздің серіктестер стратиграфиялық реттіліктер интерпретациясының толық циклін қамтамасыз етуге қабілетті.